Жаңалықтар мен оқиғалар

02.09.2026 18:14

31 тамыздан бастап Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізілді

/KACC, 02.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 28 тамызындағы шешімімен "Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) KACC ішкі құжатына № 8 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер "Әбу-Даби бағалы қағаздар биржасы" ЖАҚ (ADX), Қазақстан қор биржасы (KASE) және Клирингілік орталық арасында жасалған электрондық сауда-саттық жүйесі (TABADUL HUB) арқылы брокерлік компаниялардың қашықтан қолжетімділігі туралы келісімге қосымша келісім жасасуға қатысты нормаларды қоспағанда, 2026 жылдың 31 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді қосымша келісім жасалған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулер мыналарды көздейді: - сауда-саттық ортасы ретінде қызмет көрсетілетін базарлар мен сауда- саттық алаңдарының, eBonds тізбесін қамтитын, Ережелердің 1 қосымшасын толықтыру; - ішінара қамтамасыз ету шарттарында клирингілік қызмет көрсетуді жүзеге асыруды қарастыратын электрондық сауда-саттық жүйесіне қатысушыларға клирингілік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін нақтылау; - валюта нарығымен қатар Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізілмеген қаржы құралдарын қамтамасыз ету ретінде пайдаланудың қолданыстағы механизмін қор нарығына тарату; - Ережелерде қарастырылған қызмет көрсетілетін нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды KASE ішкі құжатымен ашудың, жүргізудің және жабудың жалпы тәртібін белгілеуді көздейтін мүліктік пулдың шоттарын қоса алғанда, сауда және клирингтік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібін біріздендіру; - Ережелердің жекелеген нормаларын нақтылауға бағытталған редакциялық және техникалық өзгерістер енгізу. Ережелердің жаңартылған мәтіні мына сілтеме бойынша KACC интернет- ресурсында жарияланады https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Клиринг" қалташасы). [2026-09-02]

02.09.2026 18:08

31 тамыздан бастап Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға түзетулер қолданысқа енгізілді

/KACC, 02.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 28 тамызындағы шешімімен KACC "Клирингілік қатысушылар туралы қағида" (Қағида) атты ішкі құжатына № 2 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулер "Әбу-Даби бағалы қағаздар биржасы" ЖАҚ (ADX), Қазақстан қор биржасы (KASE) және Клирингілік орталық арасында жасалған электрондық сауда-саттық жүйесі (TABADUL HUB) арқылы брокерлік компаниялардың қашықтан қолжетімділігі туралы келісімге қосымша келісім жасасуға қатысты нормаларды қоспағанда, 2026 жылдың 31 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді қосымша келісім жасалған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қосымша келісім шеңберіндегі түзетулерге сәйкес электрондық сауда- саттық жүйесіне қатысушыларға клирингілік қызмет көрсету "ішінара қамтамасыз ету" шарттарында жүзеге асырылатын болады, қазіргі уақытта электрондық сауда-саттық жүйесіне қатысушылар сауда-саттық лимиті шегінде "қамтамасыз етусіз" санатына жатқызылады. Бұдан басқа, клирингілік қатысушыларға кандидат ұсынатын құжаттардың тізбесі белгіленген талаптарға сәйкес келтірілген және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын лицензияны немесе өзге құжатты ұсынуды көздейді. Қағиданың жаңартылған мәтіні сілтеме бойынша KACC интернет- ресурсында жарияланады https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Клиринг" қалташасы). [2026-09-02]

02.09.2026 10:16

KASE Клиринг орталығының Директорлар кеңесінің сандық құрамы өзгертілді

/KACC, 02.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) жалғыз акционердің 2026 жылдың 01 қыркүйегіндегі шешімімен Клирингілік орталықтың Директорлар кеңесінің сандық құрамы алты адамнан тұрады деп анықталды. KACC Директорлар кеңесінің құрамы мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланды https://kacc.kz/ru/about-us [2026-09-02]

Толығырақ

Мойындауы және рейтингтер

КАСС қызмет көрсететін нарықтар

Біз туралы көбірек біліңіз

Клирингілік қызмет неден басталады?

Толығырақ

Тәуекел параметрлері

Толығырақ

Қалай клирингілік қатысушы болуға болады?

Толығырақ

Клирингілік кепілдік және резервтік қорлар

Толығырақ

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)