Бүгін KACC есеп айырысу қызметін басқару резервтік орталықтан жүзеге асырылады
/KACC, 26.11.26/ – KASE клиринг орталығы (KACC, Клиринг орталығы) бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) және Клиринг орталығының қызметінің үздіксіздігі жүйесін жоспарлы тестілеу аясында KACC есеп айырысу жүйелерін басқару резервтік жабдықтағы резервтік орталықтан жүзеге асырылатынын хабарлайды, осыған байланысты KACC-тың жекелеген жүйесінің жұмысында кідіріс болуы мүмкін. Клиринг орталығы туындауы мүмкін қолайсыздық үшін ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардан алдын ала кешірім сұрайды. [2026-11-26]