Репо мәмілелері бойынша кірісті табыстау

KASE клиринг орталығы КО-мен репо сатып алушыдан репо сатушыға режимінде жасалған репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар бойынша кірісті табыстайды. Кірісті табыстау тізілім бекітілген күні репоны ашу және жабу күндері аралығына түсетін репо мәмілелері бойынша жүргізіледі.

KASE Клиринг орталығы кірісті төлем агентінен сыйақы төлеу туралы хабарлама алғаннан кейін табыстайды. Осындай хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Клиринг орталығы мәмілеге қатысушылардың сауда-клиринг шоттары бойынша табысталатын кіріс сомасын көрсетеді. Репоны сатып алушыда табысталатын кіріс міндеттемелерде, репоны сатушыда талаптарда көрсетіледі. Табысталатын кіріс сомасы бірінші есеп айырысу-клиринг сессиясына нетто-позициялардың есебіне енгізіледі.

Кірісті табыстау үшін репо мәмілелерін іріктеу шарттары

Тіркеу күні төмендегі кезеңге түскен жағдайда, мәмілелер іріктеуге түседі:

  • егер тізілім күннің басында бекітілсе – репо ашу бойынша есеп айырысу жүргізілген күннен (оны қоспағанда) репо жабу бойынша есеп айырысу жүргізілген күнге (оны қоса алғанда) дейін

  • егер тізілім күннің соңында бекітілсе – репо ашу бойынша есеп айырысу жүргізілген күннен (оны қоса алғанда) репо жабу бойынша есеп айырысу жүргізілген күнге (оны қоспағанда) дейін

Сатып алу-сату мәмілелері бойынша кірісті табыстау

KASE клиринг орталығы облигацияларды сатып алу-сату мәмілелері бойынша купонды сатушыдан сатып алушыға табыстауды жүзеге асырады. Купонды беру есеп айырысу күні тізілімді бекіту және сыйақы төлеу күндері арасындағы аралыққа түсетін мәмілелер бойынша жүргізіледі. Тізілімді бекіту уақытына (таңертең немесе кешке) байланысты кірісті табыстау үшін мәмілелерді іріктеу шарттары сақталуға тиіс.

KASE Клиринг орталығы кірісті төлем агентінен сыйақы төлеу туралы хабарлама алғаннан кейін табыстайды. Осындай хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Клиринг орталығы мәмілеге қатысушылардың сауда-клиринг шоттары бойынша табысталатын кіріс сомасын көрсетеді. Табысталатын кіріс сатушыда міндеттемелерде, сатып алушыда талаптарда көрсетіледі. Табысталатын кіріс сомасы бірінші есеп айырысу-клиринг сессиясына нетто-позициялардың есебіне енгізіледі.

Кірісті табыстау үшін сатып алу-сату мәмілелерін іріктеу шарттары

Есеп айырысу күні төмендегі кезеңге түскен жағдайда, мәмілелер іріктеуге түседі:

  • егер тізілім күннің басында бекітілсе – тіркелген күннен (оны қоса алғанда) бастап купондық сыйақы төлейтін күнге (оны қоспағанда) дейін

  • егер тізілім күннің соңында бекітілсе – тіркелген күннен (оны қоспағанда) бастап купондық сыйақы төлейтін күнге (оны қоса алғанда) дейін

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)