Өз елінің заңнамасы қаржы құралдарымен мәміле жасауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ KASE Клиринг орталығының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлға клирингілік қатысушы бола алады.

Клирингтік қатысушы мәртебесі берілген кезде қолданылатын санаттар айқындалады:

  1. «Қор нарығы» — Қазақстан қор биржасының қор нарығының мүшелеріне, сондай-ақ Tabadul Hub электрондық сауда жүйесінің қатысушыларына
  2. «Валюта нарығы» — Қазақстан қор биржасының валюта нарығының мүшелеріне, сондай-ақ NTPro сауда ортасының қатысушыларына
  3. «Деривативтер нарығы» — Қазақстан қор биржасының деривативтер нарығының мүшелеріне

Клирингілік қатысушының қамтамасыз етуінің санаты

Қамтамасыз етуінің түріне қарай клирингілік қатысушыға мынадай санат берілуі мүмкін:

Клирингілік қатысушыға мәртебе және санат беру/өзгерту кезеңдері

Клирингілік қатысушы болуға кандидаттың өтінішін қарау

Клирингілік қатысушы мәртебесін алу үшін кандидат тиісті мәртебе беру туралы өтініш, санат беру туралы өтініш, құпия ақпаратты алуға келісім, сондай-ақ Клирингілік қатысушылар туралы қағидада көзделген құжаттар жиынтығын тапсырады. Егер KASE мүшесі мәртебесін берген сәттен 1 айдан аспайтын уақыт өтсе, кандидат Қағиданың 2-қосымшасын немесе 6-қосымшасын, 4-қосымшасын ғана ұсына алады. 

2

Мәртебе беру туралы шешім қабылдау

Ұсынылған құжаттар жиынтығын қарау және талдау нәтижесі бойынша KASE клиринг орталығы клирингілік қатысушы мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Теріс шешім қабылданған жағдайда, клирингілік қатысушы болуға кандидат үш ай өткеннен кейін клирингілік қатысушы мәртебесін беру туралы өтінішті қайтадан беруге құқылы.

3

Кепілдік жарнасын төлеу

Кандидат қабылданған шешім туралы хабарламаны алған күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде клирингілік кепілдік қорына кепілдік жарна енгізуге міндетті. Кепілдік жарнасы белгіленген мерзімде енгізілмеген (толық көлемде енгізілмеген) жағдайда, KASE Клиринг орталығы шешімінің күшін жояды.

4

Клирингілік қатысушыға мониторинг жүргізу

KASE клиринг орталығы клирингілік қатысушыларға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Мониторинг клирингілік қатысушының қаржылық жай-күйін талдауды, клирингілік қатысушының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер, кепілдік жарнасын төлеу (қосымша төлеу), қамтамасыз ету, клирингілік алымдарды төлеу, айыппұл/тұрақсыздық айыбын төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болуын талдауды, меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша нормативтердің сәйкестігін талдауды қамтиды.

Клирингілік қатысушы корпоративтік іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және Клирингілік қатысушылар туралы қағиданың 9-қосымшасында, 10-қосымшасында көзделген өзге де құжаттарды мерзімді түрде тапсырып тұруға міндетті.

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)