T+N режімінде бағалы қағаздар бойынша мәміле бүгін жасалады, ал қағаздарды төлеу және жеткізу N сауда-саттық күнінен кейін жүргізіледі
Мысалы, T+2 режімі кезінде есеп айырысу мәміле жасалғаннан кейінгі екінші сауда-саттық күні жүргізіледі: сатып алушы ақша қаражатын аударады, сатушы бағалы қағаздарды береді.
KASE-дегі осындай барлық мәміледе орталық контрагент KACC болады
Бұл нені білдіреді:
- сатып алушы үшін оның контрагенті нақты сатушы емес, KACC болады;
- сатушы үшін оның контрагенті нақты сатып алушы емес, KACC болады.
KACC есеп айырысатын күнге дейін мәмілелерді орындау тәуекелін өзі көтереді және осы тәуекелді маржалық қамтамасыз ету жүйесі арқылы басқарады: қатысушы қаражаттың және/немесе бағалы қағаздардың бір бөлігін алдын ала енгізуге тиіс.
T+N режімінде қандай құралдармен сауда-саттық жасауға болады?
Т+ тізімі
Орталық контрагенттің қатысуымен және мерзімі кейінге жылжытылған T+N есеп айырысу сұлбасы бойынша қандай құралдармен сауда-саттық жасауға болатынын көрсетеді.
Т+ қамтамасыз ету тізімі
Т+ тізіміндегі қандай құралдарды T+N есеп айырысу сұлбасы бойынша жасалған мәмілелердегі позициялар бойынша қамтамасыз етуге (кепілге) беруге болатынын көрсетеді
Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізудің негізгі критерийлері
Өтімділік
- сауда-саттықтың жеткілікті көлемі
- ұдайы жасалатын мәмілелер
- баға бойынша елеулі соққысыз сатып алу/сату мүмкіндігі
Шығару параметрлері
- шығарылымның белгілі бір көлемі;
- еркін айналыстағы қағаздардың үлесі;
- шығарылымның құрылымы (реттелген/реттелмеген, купондық/дисконттық және т.б.).
Эмитенттің сенімділігі
- ішкі сенімділік тобы (ішкі тәртіпке сәйкес айқындалады)
- кредиттік рейтингі
Баға белгілеу сапасы
- сенімді нарықтық баға белгілеудің болуы;
- бағаны немесе өтімділікті бағалаудың сыртқы бағалау индикаторларын пайдалану.
Құралдардың негізгі санаттары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (ҚР ҚМ, ҚР ҰБ)
- нарықтың сенімділігі жоғары сегментіне жатады;
- рұқсат етілген бірнеше валютада айналыста болады;
- Т+ мәмілелері үшін активтердің және қамтамасыз етудің базалық санаты ретінде пайдаланылады.
Әдетте, техникалық талаптар сақталған кезде мұндай құралдар Т+ тізіміне де, Т+ қамтамасыз ету тізіміне де енгізіледі.
- нарықтың сенімділігі жоғары сегментіне жатады;
- рұқсат етілген бірнеше валютада айналыста болады;
- Т+ мәмілелері үшін активтердің және қамтамасыз етудің базалық санаты ретінде пайдаланылады.
Әдетте, техникалық талаптар сақталған кезде мұндай құралдар Т+ тізіміне де, Т+ қамтамасыз ету тізіміне де енгізіледі.
- кредиттік сапаның белгіленген деңгейімен сипатталады;
- едәуір көлемде шығарылады және жеткілікті деңгейде айналыста болады;
- олар бойынша тұрақты нарықтық баға қалыптасады.
Т+ тізіміне, ал қосымша талаптар орындалған кезде Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізілуі мүмкін.
- тұрақты сауда-саттық белсенділігі байқалатын ірі эмитенттердің бағалы қағаздары;
- сенімділік пен өтімділік тобы бойынша талаптарға сәйкес келеді.
Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу үшін қосымша жоғары және тұрақты өтімділік, сондай-ақ маркет-мейкердің болуы маңызды.
- эмитенттің сапасы және өтімділік параметрлері бойынша іріктеледі;
- әдетте, индекстерге кіреді және маркет-мейкер сервисі болады;
- олар бойынша жан-жақты жинақталған деректердің негізінде тұрақты нарықтық баға қалыптастырылады.
Осы санаттағы өтімділігі жоғары құралдарды қамтамасыз етуде де пайдалануға болады.
- тұрақты қаржылық беделі бар ұлттық институттар шығарады;
- көлемі едәуір көп және баға белгілеуі ашық;
- нарықтағы айналымы тұрақты.
Мұндай шығарылымдар Т+ тiзiмiне кiруi және, критерийлер сақталған жағдайда, қамтамасыз етуге қабылдануы мүмкiн.
- сенімділік топтарының белгіленген диапазондарына сәйкес келетін эмитенттер шығарады;
- бағдарлы бағаны қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, нарықтық көлемде айналыста болады;
- жеткілікті деңгейде сауда-саттық тарихы мен тұрақты өтімділігі бар.
Қамтамасыз етуге тек сенімділік, өтімділік және тәуекел параметрлері бойынша неғұрлым қатаң талаптарды қанағаттандыратын шығарылымдар енгізіледі.