26.11.2026 09:44 Бүгін KACC есеп айырысу қызметін басқару резервтік орталықтан жүзеге асырылады /KACC, 26.11.26/ – KASE клиринг орталығы (KACC, Клиринг орталығы) бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) және Клиринг орталығының қызметінің үздіксіздігі жүйесін жоспарлы тестілеу аясында KACC есеп айырысу жүйелерін басқару резервтік жабдықтағы резервтік орталықтан жүзеге асырылатынын хабарлайды, осыған байланысты KACC-тың жекелеген жүйесінің жұмысында кідіріс болуы мүмкін. Клиринг орталығы туындауы мүмкін қолайсыздық үшін ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардан алдын ала кешірім сұрайды. [2026-11-26]
25.11.2026 17:35 30 қарашадан бастап екі атаудағы облигациялар Т+ Тізімі мен Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі /KACC, 25.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер комитетінің шешімімен 2026 жылдың 30 қарашасынан бастап орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарымен мәмілелер жасауға рұқсат етілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) мынадай облигациялар енгізіледі: 1) KZ2C00010346 (KASE "Негізгі" алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb36) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ – Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі; 2) KZ2C00015956 (KASE "Негізгі" алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb43) "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ – Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KACC интернет-ресурсында https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған [2026-11-25]
25.11.2026 11:56 26 қарашада KACC есеп айырысу қызметін басқару резервтік орталықтан жүзеге асырылады /KACC, 25.11.26/ – KASE клиринг орталығы (KACC, Клиринг орталығы) 2026 жылғы 26 қарашада Қазақстан қор биржасының (KASE) және Клиринг орталығының қызметінің үздіксіздігі жүйесін жоспарлы тестілеу аясында KACC есеп айырысу жүйелерін басқару резервтік жабдықтағы резервтік орталықтан жүзеге асырылатынын хабарлайды, осыған байланысты KACC-тың жекелеген жүйесінің жұмысында кідіріс болуы мүмкін. Клиринг орталығы туындауы мүмкін қолайсыздық үшін ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардан алдын ала кешірім сұрайды. [2026-11-25]
19.11.2026 18:28 23 қарашадан бастап "KASE Global" секторының қаржы құралдары бойынша "қысқа сатуға тыйым салу" белгісі уақытша алынып тасталады /KACC, 19.11.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC, Клирингілік орталық) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитеті 2026 жылдың 18 қарашада "KASE Global" секторының, оларға қатысты алғашқы жария орналастырудан кейін бұғаттау кезеңі қолданылатын, қаржы құралдары бойынша "қысқа сатуға тыйым салу" белгісін 2026 жылдың 23 қарашасынан 2027 жылдың 22 ақпанына дейінгі кезеңге уақытша алып тастау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Бұл ретте Клирингілік орталық белгіленген мерзім аяқталғанға дейін көрсетілген белгіні қайта белгілеу құқығын өзіне қалдырады. [2026-11-19]
19.11.2026 18:26 23 қарашадан бастап Еуразиялық даму банкінің HK0001326815 (EABRe8) халықаралық облигациялары Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізілетін болады /KACC, 19.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 23 қарашасынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) Еуразиялық даму банкінің HK0001326815 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe8) халықаралық облигациялары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2026-11-19]
12.11.2026 15:14 2026 жылдың 16 қарашасынан бастап еуро валюта нарығындағы операцияларды қамтамасыз ету ретінде қабылданатын шетел валюталарының тізіміне енгізілді /KACC, 12.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 16 қарашасынан бастап еуро клирингілік қатысушылардың тиісті сұрау салуы негізінде валюта нарығындағы операцияларды қамтамасыз ету ретінде (800 000 еуродан аспайтын мөлшерде) қабылдануы мүмкін. Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитет сонымен қатар Клирингілік орталық қытай юанінде тиісті корреспонденттік шот ашқаннан кейін клирингілік қатысушылардың тиісті сұранысы негізінде қытай юанін (40 000 000 юаньнан аспайтын мөлшерде) валюта нарығындағы операцияларды қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы шешім қабылдады. [2026-11-12]
02.11.2026 17:31 04 қарашадан бастап "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00020782 (HCBNb36) облигациялары Т+ Тізіміне енгізілетін болады /KACC, 02.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00020782 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb36) облигациялары енгізілетінін хабарлайды. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2026-11-02]
02.11.2026 15:14 02 қарашадан бастап Қор нарығында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру ережелеріне түзетулер қолданысқа енгізіледі /KACC, 02.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 30 қазанындағы шешімімен 2026 жылдың 02 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілетін "Қор нарығында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KACC ішкі құжатына № 4 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулерде KASE-дегі көміртегінің бастапқы және қайталама нарығында көміртегі бірліктерімен және (немесе) базалық активі көміртегі бірліктері болып табылатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтайтын редакцияларды нақтылайтын ережелердің атауына, тұжырымдамалық аппараттың мазмұнына өзгертулер, сондай-ақ толықтырулар қарастырылған. Ережелердің жаңартылған мәтіні KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады https://kacc.kz/kz/kacc-rules ("Есеп айырысулар" бетбелгісі). [2026-11-02]
22.10.2026 15:06 27 қазаннан бастап "Эйр Астана" АҚ US0090632078, US0090631088 (AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттары Т+ Тізіміне енгізіледі /KACC, 22.10.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 27 қазанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жол берілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) "Эйр Астана " АҚ US0090632078, US0090631088 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, AIRAd) жаһандық депозитарлық қолхаттары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2026-10-22]
15.10.2026 16:03 19 қазаннан бастап сегіз атаулы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі /KACC, 15.10.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 19 қазанынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мынадай облигациялары енгізілетін болады: 1) KZ2C00018828 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb32) – Т+ Тізімі; 2) KZ2C00018836 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb33) – Т+ Тізімі; 3) KZ2C00019248 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb34) – Т+ Тізімі; 4) KZ2C00019255 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb35) – Т+ Тізімі; 5) KZ2C00019420 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb36) – Т+ Тізімі; 6) KZ2C00020121 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb37) – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі; 7) KZ2C00020139 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb38) – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі; 8) KZ2C00020147 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb39) – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2026-10-15]