2012 жылғы 12 сәуірде Төлем және нарықтық инфрақұрылым комитеті (CPMI) Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымымен (IOSCO) бірлесіп, әлемдік қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған және барлық ел орындауға міндетті төлемдердің, клиринг пен есеп айырысудың халықаралық стандарттарын сипаттайтын қаржы нарығы инфрақұрылымының (PFMI) 24 қағидатын жариялады. Әрбір қаржы ұйымы осы қағидаттарды сақтауға және олардың сақталуын бақылау мақсатында екі жылда 1 рет өзінің PFMI-ға сәйкестігін бағалауға міндетті.