"KASE Клиринг орталығы" АҚ-тың активтерді инвестициялау саясаты KASE Клиринг орталығының меншікті қаражатын, сондай-ақ клирингілік қатысушылардың активтерін орналастырудың қағидаттарын, мақсаттарын және орналастыруға қойылатын талаптарды белгілейді. Саясат төмендегі үш инвестициялық портфельді қалыптастыруға қатысты көзқарасты айқындайды:

Меншікті портфель

KASE Клиринг орталығының меншікті активтері (кепілдік және резервтік қорларды қоспағанда) есебінен қалыптастырылады.

Мақсаты – тәуекелдің ең төменгі деңгейі кезінде капиталды сақтау және ұлғайту.

Клирингілік қор мөлшері

Оған клирингілік қатысушылардың жарналары мен KASE Клиринг орталығының қаражаты есебінен қалыптастырылатын кепілдік және резервтік қорлар кіреді.

Мақсаты – клирингілік қатысушылардың бірі міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәмілелер бойынша есеп айырысуды қамтамасыз ету.

Клирингілік қатысушылардың қамтамасыз ету портфелі

KASE Клиринг орталығының корреспонденттік шоттарында есепке алынатын қатысушылардың қамтамасыз ету қаражаты есебінен қалыптастырылады.

Мақсаты – нарықтың тиісті секторларындағы шұғыл өтімділікті және операциялар бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

Саясат заңнаманың талаптары мен KASE Клиринг орталығының ішкі нормативтік құжаттарын ескере отырып, активтердің сақталуы мен өтімділігін қамтамасыз етуге, қаржылық тәуекелді азайтуға және кірістіліктің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. KASE Клиринг орталығы активтерді орналастыру кезінде жоғары өтімділік қағидатын ұстанып, олардың құнының айтарлықтай өзгеруіне жол бермей, тез арада ақша қаражатына айналдыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өтімділіктің қажетті деңгейін қолдау – клирингілік қатысушылар алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындау және клиринг процестерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің негізгі шарты.

Саясат әрбір портфель үшін рұқсат етілген қаржы құралдарын, шоғырлану лимиттерін, контрагенттердің рейтингілеріне, активтердің құрылымына және салымдардың мерзімдеріне қойылатын талаптарды айқындайды. Инвестициялау әртараптандыру, ашықтық және тәуекелді қатаң басқару қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Саясат реттеуші талаптар мен нарық талаптарының өзгерістеріне сәйкес келу үшін тұрақты түрде өзектендіріледі және KASE Клиринг орталығы мен оның қатысушыларының активтерін жауапты және қауіпсіз орналастыруға негіз болады. KASE Клиринг орталығы белгіленген лимиттерді қолдану, тұрақты стресс-тестілеу және портфельдердің жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізу арқылы тәуекелдің барлық түріне күшейтілген бақылау жасайды. Тәуекелді басқару жүйесі тұрақты режімде жұмыс істейді және инвестициялық қызмет сенімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, ауытқуды уақытылы анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

Активтердің сақталуы

Клиринг орталығы акционерлердің ақпаратқа тең және әділ қол жеткізуіне, компанияны басқаруға қатысу мүмкіндігіне және олардың мүддесін бұзатын іс-әрекеттерден қорғауға кепілдік бере отырып, олардың құқығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді.

Жоғары өтімділік

Көбіне активтер өтімділігі жоғары қаржы құралдарына орналастырылады, олардың құнының айтарлықтай өзгеруіне жол бермей, тез арада ақша қаражатына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл нарыққа қатысушылар алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындауға және қамтамасыз ету қаражатын қайтаруға мүмкіндік береді.

Тәуекелді басқару және лимиттер

Әрбір портфель үшін кредиттік, нарықтық тәуекелді және өтімділік тәуекелін шектеу жүйесі белгіленген, ол эмитенттер мен контрагенттерге белгіленген лимиттерді, портфельдер құрылымына қойылатын талаптарды және салымдардың мерзімдері бойынша шектеулерді қамтиды. Лимиттен асып кетпеуге бақылау жасалады, ал асып кеткен жағдайда, белгiленген мерзiмде жойылуға тиіс.

Портфельді әртараптандыру

Инвестициялық портфельдер қаржы құралдарының түрлері, эмитенттер, өтеуге дейінгі мерзімдер және валюталар бойынша әртараптандыруды ескере отырып қалыптастырылады, бұл тәуекелдердің шоғырлануын азайтып, KASE Клиринг орталығының инвестициялық қызметінің тұрақтылығына ықпал етеді. Активтерді инвестициялау саясаты

Бөлек есепке алу және ашықтық

Активтер мен кірісті есепке алу әрбір портфель бойынша бөлек жүргізіледі, бұл операциялардың ашықтығын және инвестициялаудың тиімділігіне тәуелсіз баға беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Инвестициялау процестері Клиринг орталығының ішкі құжаттарына сәйкес регламенттелген және оларға ішкі бақылау жасалады.

Кірістілікті таргеттеу

KASE Клиринг орталығы жыл сайын инвестициялау мақсаттарына және бюджеттік көрсеткіштерге сүйене отырып, әрбір инвестициялық портфель бойынша кірістіліктің нысаналы деңгейін бекітеді. Бұл нәтиженің болжамдылығын және инвестициялық қызметтің Клиринг орталығының қаржылық жоспарлауына үйлесуін қамтамасыз етеді.

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)