KASE Клиринг орталығындағы комплаенс-бақылау қызметтің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санкциялық режимдерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды сақтауды қоса алғанда, қолданылатын халықаралық құқық нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Комплаенс-бақылау функцияларын арнайы құрылған және Директорлар кеңесіне есеп беретін, ресми мәртебесі, өкілеттігі мен тәуелсіздігі бар Комплаенс қызметі атқарады. Комплаенс қызметі комплаенс мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу және енгізу, KASE Клиринг орталығының және оның жұмыскерлерінің бекітілген комплаенс-тәуекелдерді басқару саясаты мен процедураларын сақтауына мониторинг жүргізу, сондай-ақ комплаенс-тәуекелді басқару барысында құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру үшін жауапты болады.
Фактілер бойынша, сондай-ақ KASE Клиринг орталығының жұмыскерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе өзге де құқыққа қарсы іс-әрекет жасалды деген күдік болған жағдайда, төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласуды сұраймыз: