30 сәуірден бастап бес атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне жәнеТ+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі
/KACC, 28.04.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар қосылады:
- "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00014959 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb104) – Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне;
- Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00015139 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, KFUSb108) Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне;
- "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017481 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb24) – Т+ Тізіміне;
- "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017549 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, HCBNb31) – Т+ Тізіміне;
- "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017556 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb32) – Т+ Тізіміне.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2026-04-28]
