28.04.2026 18:00

30 сәуірден бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигациялары Т+ Тізімінен және Т+ Қамтамасыз ету тізімінен шығарылады

/KACC, 28.04.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізімінен (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізімінен (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның KZ2C00014033 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb25) облигациялары алынып тасталады.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-04-28]

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)