04 мамырдан бастап Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 (EABRe7) халықаралық облигациялары Т+ Тізіміне енгізілетін болады
/KACC, 29.04.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 04 мамырынан бастап қор нарығының ішінара қамтамасыз ету шарттарымен орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe7) халықаралық облигациялары енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2026-04-29]
