15 мамырдан бастап биржалық инвестициялық пай қорларының ETF-тері Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі
/KACC, 13.05.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылғы 15 мамырдан бастап орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында жасалатын мәмілелерге рұқсат етілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етілген мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) келесі ETF-тер енгізіледі:
- KZPF00000983 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, KASXf) биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) KASE Индексі – Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне;
- KZPF00000991 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, MBM_f) биржалық инвестициялық пай қорының (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) MBM Index KASE – Т+ тізіміне.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KACC интернет-ресурсында https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-05-13]
