21.05.2026 14:02

Клирингілік орталықтың жалғыз акционері 2025 жылдағы KACC қызметінің нәтижелері бойынша шешім қабылдады

/KACC, 21.05.26/ – "KASE Клиринг орталығы" АҚ (KACC, Клирингілік орталық) 2026 жылдың 13 мамырында Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесі – Клирингілік орталықтың жалғыз акционері – мынадай шешімдер қабылдағанын хабарлайды:

  1. Клирингілік орталықтың 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
  2. "Russell Bedford A+ Partners" халықаралық аудиторлық компаниясы" ЖШС 2026 жылға қаржылық есептілік аудиті мақсатында Клирингілік орталықтың аудиторлық ұйымы болып белгіленсін.
  3. Клирингілік орталықтың 2025 жылдағы 12 064 763 796,20 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлу мынадай тәртіппен бекітілсін: 3 967 192 459,44 тенге (32,9 %) Клирингілік орталықтың жалғыз акционеріне дивидендтер төлеуге жіберу; 8 097 571 336,76 тенге (67,1 %) "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "KASE Клиринг орталығы" АҚ-ның 2025-2027 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Клирингілік орталықты дамытуға бағытталсын.
  4. Клирингілік орталықтың Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2025 жылға арналған сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
  5. 2025 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Клирингілік орталықтың Директорлар кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақы төлеу.
  6. "KASE Клиринг орталығы" АҚ Жарғысына № 4 өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
  7. 2025 жылы акционерлердің Клирингілік орталықтың және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне оның қызметі мәселелері бойынша шағымдардың болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.
  8. 2025 жылдағы "KASE Клиринг орталығы" АҚ қызметі туралы есеп назарға алынсын.
  9. KASE Тобының 2025 жылға орнықты дамуы туралы есебін назарға алынсын.

[2026-05-21]

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)