KACC қор, валюта нарықтары мен туынды құралдар нарығының қаржы құралдары бойынша тәуекел-параметрлерінің болжамды мәндерін анықтады
/KACC, 28.05.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) қор, валюта нарықтары мен туынды құралдар нарығының қаржы құралдары бойынша бекітілетін тәуекел-параметрлерді, сондай-ақ стресске қарсы тәуекел-параметрлерді болжамды есептеуді жүзеге асырғаны туралы хабарлайды.
Болжамды есептеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар топтары, валюталар, сондай-ақ пайыздық тәуекел ставкалары бойынша өзгерістер анықталған жоқ.
Тәуекел параметрлерінің болжамды мәндерімен сілтеме бойынша KACC ресми интернет-ресурсында танысуға болады – https://kacc.kz/ru/riskparameters
KACC бұл мәндердің тек ақпараттық сипатқа ие екендігіне және алдын-ала танысу мақсатында ұсынылғанына назар аударады. Кезекті тоқсан сайынғы қайта қарау нәтижелері бойынша тәуекел-параметрлердің қорытынды мәндері ұсынылған мәндерден өзгеше болуы мүмкін.
[2026-05-28]
