KACC КЛИРИНГІЛІК ҰЙЫМ РЕТІНДЕ РЕТТЕУДІҢ АЙРЫҚША РЕЖИМІ ШЕҢБЕРІНДЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
/KACC, 11.06.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC, Клирингілік орталық) клирингілік ұйым ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылдың 23 желтоқсандағы № 79 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) енгізілген реттеудің айрықша режимі шеңберінде бағалы қағаздар нарығында қызметтің жүзеге асырылғаны туралы хабарлайды.
Бұл ретте KACC, құны криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып, орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және ескерілетін шамалардың құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын, цифрлық активтерге (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге) ETF-пен (Exchange Traded Funds)мәмілелер мен операциялар жасауға байланысты елеулі тәуекелдер туралы хабарлайды.
Көрсетілген тәуекелдерге мыналар жатады (олармен шектелмейді):
- активтің құбылмалылық тәуекелдері;
- реттеушілік тәуекелдер;
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылмен байланысты тәуекелдер;
- операциялық тәуекелдер;
- нарықтық тәуекелдер.
Реттеудің айрықша режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға жіберілетін нақты қаржы құралымен мәмілелер мен операциялар жасауға байланысты тәуекелдер туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін эмитенттің және (немесе) негізгі листингтің қор биржасының сайтында жарияланған оның аңдатпасына жүгіну қажет.
Реттеудің айрықша режимі шеңберінде KACC қызметін жүзеге асыру шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының ережелерімен, Қаулымен, сондай-ақ реттеудің айрықша режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы 2026 жылдың 29 мамырындағы № 27 келісім-шартпен белгіленген және реттеудің айрықша режиміне қатысушылар болып табылмайтын клирингілік қатысушылардың мүдделерін қозғамайды.
Клирингілік орталықтың клирингілік қатысушыларының (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларының) – реттеудің айрықша режиміне қатысушылардың қызметін жүзеге асыру тәртібі, KACC ішкі құжаттарының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында қарастырылған құны (мөлшерлемелері, тарифтері), мазмұны (Қаулыда белгіленген арнайы шарттар ескеріле отырып) өзгермейді.
KACC орналасқан жері, пошта және электрондық пошта мекенжайлары, интернет-ресурсы және байланыс телефондары туралы ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді https://kacc.kz/ru/about-us
Бұл хабарлама клирингілік қатысушыларға арналған.
[2026-06-11]
