01.07.2026 19:06

2026 жылдың 01 шілдесінен бастап МБҚ бойынша баға шекараларын өзгертуді жүзеге асыру үшін өтінімдер көлемі бойынша шектеулер мен нарықтық тәуекелдерді бағалау диапазонының шекаралары қайта қаралды

/KACC, 01.07.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитет 2026 жылдың 01 шілдесінде келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлайды:

  • 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ) бойынша баға шекараларын мен нарықтық тәуекелдерді бағалау диапазонының шекараларын өзгертуді жүзеге асыру үшін бастапқы дилерлердің меншікті сауда-клирингілік шоттарынан берілген өтінімдер көлемі бойынша шектеулер алып тасталсын;
  • 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша баға шекаралары мен нарықтық тәуекелдерді бағалау диапазонын өзгертуді жүзеге асыру үшін бастапқы дилерлер болып табылмайтын қатысушылардың өтінімдерінің минималды көлемі және бастапқы дилерлердің клиенттік шоттарынан үздіксіз қарсы аукцион әдісімен сатып алу/сату саудасаттық режимінде берілген өтінімдер бойынша шектеулер кемінде 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

[2026-07-01]

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)