17 шілдеден бастап үш атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне енгізіледі
/KACC, 15.07.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 17 шілдесінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) мынадай облигациялар енгізілетін болады:
- "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ KZ2C00014843 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb94);
- "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ KZ2C00015162 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb111);
- "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017531 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты ", HCBNb30).
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2026-07-15]
