Fitch Ratings агенттігі KASE Клиринг орталығының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін растады және ұлттық валютадағы рейтингтерді берді, болжам "Тұрақты"
/KACC, 20.07.26/ – "KASE клиринг орталығы" АҚ (KACC, Клиринг орталығы) халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігінің Клиринг орталығының BBBдеңгейіндегі ұзақмерзімді кредиттік рейтингін (Long-Term Issuer Default Rating) және bbb- деңгейіндегі мемлекеттік қолдау рейтингін (Government Support Rating) растағанын, сондай-ақ BBB- деңгейінде ұлттық валютадағы ұзақмерзімді кредиттік рейтинг (Long-Term Local-Currency Issuer Default Rating) және "AA+(kaz)" деңгейінде ұлттық ұзақмерзімді рейтинг бергенін хабарлайды. Барлық рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".
Расталған BBB- халықаралық рейтингі инвестициялық деңгейге сәйкес келеді және дефолт тәуекелінің төмен екенін көрсетеді, ал берілген "AA+(kaz)" ұлттық рейтингі Қазақстан эмитенттері арасындағы кредитке қабілеттілігінің ең жоғары деңгейлерінің бірін білдіреді. Клиринг орталығының рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингінен небәрі бір саты төмен белгіленген және еліміздің ең ірі банктерінің рейтингтері деңгейіне сәйкес келеді.
Толығырақ ақпарат KACC баспасөз мәлімдемесінде берілген.
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kacc.kz/uploads/Fitch_Ratings_KASE_kliring_ortaly_yny_BBB_rejtingin_T_ra_ty_bolzhamymen_rastady_zh_ne_AA_kaz_ltty_rejtingin_berdi_6e56a68ab6.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kacc.kz/uploads/Fitch_Ratings_podtverdilo_Kliringovomu_czentru_KASE_rejting_VVV_s_prognozom_Stabilnyj_i_prisvoilo_naczionalnyj_rejting_AA_kaz_fe2e7c05ec.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kacc.kz/uploads/Fitch_Ratings_affirmed_the_KASE_Clearing_Centre_s_BBB_rating_with_Stable_outlook_and_assigned_it_a_national_rating_AA_kaz_cbb58a2b6b.pdf
[2026-07-20]
