03.08.2026 11:12

05 тамыздан бастап төрт атаудағы бағалы қағаз Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

/KACC, 03.08.26/ – KASE клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекел жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылғы 05 тамыздан бастап төменде көрсетілген бағалы қағаздар ішінара қамтамасыз ету шарттарымен орталық контрагенттің қатысуымен мәміле жасауға жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз ету шарттарымен жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде есепке алынатын қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) енгізіледі:

  1. "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ-тың KZ2C00015931 купондық облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb45) – Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі;
  2. "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ-тың KZ2C00015949 купондық облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb46) – Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі;
  3. "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00014850 купондық облигациялары (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, KFUSb95) – Т+ тізімі;
  4. "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-тың KZ2C00015170 купондық облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb112) – Т+ тізімі.

Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KACC интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған: https://kacc.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-08-03]

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)