18 тамыздан бастап екі атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі
/KACC, 17.08.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 18 тамызынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі ) Еуразиялық даму банкінің мынадай облигациялары енгізілетін болады:
- KZ2D00019379 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb68) – Т+ Тізімі;
- KZ2D00018538 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb66) – Т+ Қамтамасыз ету тізімі.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2026-08-17]
