24 тамыздан бастап үш атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі
/KACC, 20.08.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 24 тамызындан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар қосылады:
- "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ KZ2C00015188 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, KFUSb113) – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі;
- "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017473 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb23) – Т+ Тізімі;
- "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017515 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, HCBNb28) – Т+ Тізімі.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2026-08-20]
