21 қыркүйектен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигациялары екі атаудан Т+ Тізімінен және Т+ Қамтамасыз ету тізімінен шығарылады
/KACC, 18.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 21 қыркүйегінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізімінен (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізімінен (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигациялары алынып тасталады:
- US912810RJ97 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_07_4411);
- US912810SY55 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_08_4105).
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf
[2026-09-18]
