01 қазаннан бастап Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға түзетулер қолданысқа енгізіледі
/KACC, 30.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC, Клирингілік орталық) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 29 қыркүйегіндегі шешімімен, 2026 жылдың 01 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін "Клирингілік қатысушылар туралы қағида" (Қағида) атты KACC ішкі құжатына № 3 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулер кастодиандық қызметті жүзеге асыратын клирингілік қатысушыларға лицензияның не кастодиандық қызметті жүзеге асыруға өзге құқықтың болуы бөлігінде, сондай-ақ осындай кандидаттар ұсынатын құжаттардың тізбесін көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруге қойылатын талаптарды нақтылау мақсатында енгізілді.
Қағиданың жаңартылған мәтіні мына сілтеме бойынша KACC интернетресурсында жарияланады https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Клиринг" қалташасы).
[2026-09-30]
