19.11.2026 18:26

23 қарашадан бастап Еуразиялық даму банкінің HK0001326815 (EABRe8) халықаралық облигациялары Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізілетін болады

/KACC, 19.11.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 23 қарашасынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) Еуразиялық даму банкінің HK0001326815 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe8) халықаралық облигациялары енгізілетін болады.

Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-11-19]

KASE клиринг орталығы

Кеңсе

нөмірі:
+7 (727) 237 53 00

Клирингілік орталық

нөмірі:
+7 (727) 237 60 06

Есеп айырысу палатасы

нөмірі:
+7 (727) 296 64 01 (валюта нарығындағы және деривативтер нарығындағы есеп айырысулар)+7 (727) 237 53 34 (қор нарығындағы есеп айырысулар)