23 қарашадан бастап "KASE Global" секторының қаржы құралдары бойынша "қысқа сатуға тыйым салу" белгісі уақытша алынып тасталады
/KACC, 19.11.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC, Клирингілік орталық) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитеті 2026 жылдың 18 қарашада "KASE Global" секторының, оларға қатысты алғашқы жария орналастырудан кейін бұғаттау кезеңі қолданылатын, қаржы құралдары бойынша "қысқа сатуға тыйым салу" белгісін 2026 жылдың 23 қарашасынан 2027 жылдың 22 ақпанына дейінгі кезеңге уақытша алып тастау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Бұл ретте Клирингілік орталық белгіленген мерзім аяқталғанға дейін көрсетілген белгіні қайта белгілеу құқығын өзіне қалдырады.
[2026-11-19]
